скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

Электронды мемлекеттік қызметтерді алу бойынша село тұрғындарын оқыту жалғастырылуда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша облыс әкімі аппаратымен бірге жасалатын 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Жоспары және СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚАК филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің мобильді ХҚКО-мен азаматтарды көшпелі қабылдауы шеңберінде, а.ж. 14 маусымда Қызылжар ауданы Шаховское селосының тұрғындары үшін электронды мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі семинар өтті, семинарда 13 адам оқытылды.

«Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде ұйымдастырылған оқыту іс-шаралары электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған.

Осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы