скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ

 

А.ж. 1 шілде жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 543 мемлекттік орган қызмет етеді (417 – ЖАО, 126 – АМО).

Штаттық саны - 4974 бір. (2907 – ЖАО, 2067 – АМО), нақты 4550 бір. (2638 – МИО, 1912 – ТГО) құрайды.

Бос лауазымдардың саны  - 424 (269 – ЖАО, 155 – АМО).

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны - 2914 (ЖАО-1606, АМО -1308), бұл нақты санның  64% болып табылады.

Ең жоғары үлесті 30дан – 39 жасқа дейін мемлекеттік қызметшілер құрайды– 33,3% (1516 адам), жоғары білімі бар - 85,3% (3884 адам), 10,4 жыл мемлекеттік қызметте орташа өтілі барлардың орташа жасы – 39,4.

Бірінші тоқсанда тестілеуден өту үшін 1248 азамат арызданды.

Оның ішінде шекті мәнді 642 адам немесе 51,4% еңсерді. Жеке құзіреттер бағалауын 625 адам өтті.

Есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түспеді.

2017 жылдың 1 жартыжылғында облыстың барлық мемлекеттік органдарында 582 тағайындау жүргізілді.

Жалпы ауысуы 371 мемлекеттік қыметші құрайды (ЖАО-233, АМО-140), бұл штаттық санның 7,4%.

Таза ауысымдылық барлық мемлекеттік органдардың нақты санынан 2,9%  құрайды (ЖАО-2,9%, АМО 3,1%), бұл өткен жылдың ауысылымдық деңгейінен 4 адамға  аз (150).

2017 жылдың 1 жартыжылғында  облыстың мемлекеттік органдарымен аяқталған конкурстік рәсімдері бойынша 713 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланды.

Ішкі конкурстар –311 бос лауазымдарға өткізілді, оларға 194 мемлекеттік қызметші қатысы, 135 лауазымдарға тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдарда тағайындалғандардың санынан  ішкі конкурстар қорытындылары бойынша 48 мемлекеттік қызметші немесе 70,6%  жоғары тұрған лауазымға тағайындалды.

Жалпы конкурстар 402 бос лауазымға өткізілді, қатысқандардың саны – 516. Қорытындылары бойынша бос лауазымдарға 238 жеңімпаз тағайындалды.

Төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға 316 конкурс жарияланды(или 78,6 %).

Барлық конкурстық рәсімдерде 710 адам қатысты, бір бос орынға конкурс – 1 адам болып анықталды.

Өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша бос лауазымдарға 373 жеңімпаз тағайындалды.

Барлық әңгімелесу байқаушылар мен сарапшылар қатысуымен жүргізілді.

2017 жылда СҚО мемлекеттік органдарымен 1300 мемлекеттік қызметшілердің оқытуы жоспарланады, оның ішінде біліктілігін арттыру семинарларымен 930, қайта даярлау курстармен 370 мемлекеттік қызметші оқытуы жоспарда.

А.ж. 1 шілде жағдайы бойынша СҚО мемлекеттік органдарымен 796 немесе 61,2%  мемлекеттік қызметші оқытылды.

Тағалымдамаға 166 мемлекеттік қызметші жататын, өткендердің саны - 207.

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 15 қадамына сәйкес а.ж. 1 ақпаннан «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауы басталды.

Аттестаттаудың екінші кезеңінде – әңгімелесуде 3418 қызметші қатысты. Олардың ішінде 194 лауазымын жоғарылатуға ұсынылды,  3208 ) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді,  15 мемлекеттік лауазымын төмендетуге, 1 қызметтен шығаруға ұсынылды.

Аттестаттау комиссиялардың шешімдеріне шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет желісі бойынша 65 имидждік шаралар өткізілді: семинарлар, дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындар жәрмеңкелері.

А.ж. маусым айында облыстық байқау, облыс әкімі қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиадасы, ант қабылдауымен салтанатты жиналыс және тағы басқа шаралар өткізілді. Аталмыш шараларға 400о-нан аса мемлекеттік қызметші қатысты.

 

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

 

2017 жылдың 1 жарты жылдықта Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 56 мәселе тыңдалды: бұзушылықтардың алдын алу туралы – 20, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауы туралы –4, әдеп жөніндегі уәкілінің қызметін үйлестіру туралы – 1, тәртіптік комиссияларының – 3 және мемлекеттік қызмет туралы өзге мәселелері – 3.

129 ұсыныс әзірленген (124 орындалды, қалғандар мерзімі бойынша қарастырылуда).

23 тәртіптік істер қарастырылды, соның ішінде 13 кір келтiретін қылықтар жасағаны үшін, 6 Әдеп кодексін бұзғаны үшін, 4 іс тоқтатылды.

50 азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді, 89 азамат қабылданды, барлық өтініштер қанағаттандырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы БАҚ-да 312 материалдар жарияланды, оның арасында 176 газеттерде және басқа баспалық басылымдарда, 79 теледидарда, 34 интернет ресурстарда және 23 радиода.

Азаматтар және заңды тұлғалардың 88 өтініштері түсіп, 28 ведомстволық бағыныстылығына бойынша жолданылды.

51 өтініш қарастырылды, 3 иесi бүркемеленген өтiнiштер қарастырылмаған, 6 мәлімдеушілердің өтiнiшхаты бойынша тоқтатылды.

57 тексеріс өткізіліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың 169 бұзуы анықталған, бұзушылықтарды жою туралы 24 ұсыныстар енгізілді.

Өткізілген тексерістер нәтижесінде 24 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкешілікке тартылды.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

 

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 13-ші қадамы сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейтуге бағытталған.

Осыған орай, Департаменттің негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері және жағдайларын азайту. 2017 жылы аталған бағыт аясында Департаментпен облыстың 1377 іс-шара өткізілді. Соның ішінде 387 іс-шара білім беру және ғылыми-тәжірибелік бағытта (семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, консультативті-кеңес органдарының отырыстары, зияткерлік ойындар, байқаулар), 159 ақпараттық-түсіндірме іс-шаралар (брифингтер, баспасөз мәслихаттары, телесюжеттер, БАҚ-тағы мақалалар) және 831 мәдени-бұқаралық іс-шаралар (қоғамдық қабылдаулар, флешмобтар, спорттық шаралар, акциялар). «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асырудың басым бағыттарын түсіндіру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру аясында кешенді іс-шаралар өткізілді.

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында облыстың 432 мектебінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды, оған 69 802 оқушы мүшелік етуде, олармен 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Облыстың ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады.

Солтүстік Қазақстан облысының жоғары және орта арнайы білім беру мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясына қол қойылды (СҚМУ, ҚР ҰҰ ӘИ, 24 колледж).

«Есіктен есікке» акциясын өткізу шеңберінде Департамент ЖОА, квазимемлекеттік сектор және бизнес құрылымдарымен бірлесіп 303 636 түбіртек таратып, 65660 плакат орнатты. 137 550 парақша аудандық мерзімді басылымдарда жарияланды.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық, аудандық мобильдік топтармен 145 еңбек ұжымында 83 ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді, 79 азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды (19 жазбаша өтініштер).

Қоғамдық қабылдауларға Skype, ватсап номірі (8-705-660-97-34), әлеуметтік желілер және электрондық пошта арқылы көмекке жүгінуге болады. Облыстық қабылдауға 16 көмекке жүгінді (6 жазбаша, 10 ауызша өтініштер). Аудандық қабылдауда 12 адам болды (Г.Мүсірепов ауданы – 5, Тимирязев – 4, Қызылжар - 3).

Департамент «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» РҚБ СҚО бойынша филиалымен жолдағы жемқорлықты азайту жөнінде ауқымды жұмыс атқарды.

ЖЖЕ жиі бұзылатын аумақтардың арнайы Картасы құрылып, әлеуметтік желілерде орналастырылды, азаматтарға жол полициясы және көліктік бақылау мамандарымен әрекеттесудің Нұсқаулығы даярланды.

Департамент «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» РҚБ СҚО бойынша филиалымен бірлесіп облыстық МХҚКО «Қоғамдық омбудсмен» қабылдауының жұмысын ұйымдастырды. Есептік кезеңде 22 өтініш келіп түсті (19 ауызша, 3 – жазбаша өтініштер).

Республикалық және аумақтық БАҚ-мен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Департамент басшысының және лауазымды тұлғалармен брифингтер, интервью, тікелей желілер, сонымен бірге авторлық мақалалар жарияланды.

Барлығы республикалық және аймақтық БАҚ-та 919 материал жарық көрді, соның ішінде ТВ – 208 сюжет, радиода – 74 хабарлама, мерзімді басылымда – 574 мақала, интернет-ресурстарда – 63.

Департаментпен электронды және мерзімді БАҚ-та 1424 сенім телефоны, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметі мәселелері бойынша жүгіну жолдары туралы ақпарат тұрақты түрде орналастырылады.

Тұрғындарды визуалды түрде ақпараттандыру шеңберінде Департаментпен жергілікті телеарналар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік мекемелер, көшедегі ЛЭД экрандарда, сонымен қатар облыс орталығының 30 қалалық автобустарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Жемқорлыққа қарсы бағытта, соның ішінде 37 билборд және 10 пилонда 47 баннер орналастырылды.

Халықаралық әріптестік шеңберінде Департаментпен тұрақты негізде шетелдермен қызметтің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу жүргізіледі.

А.ж. наурызынан бастап облыста қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін анықтау мақсатында 205 респондент арасында сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесін талдау барысында анықталды: респонденттердің басым бөлігі (62%) аймақта жемқорлық деңгейі «төмен», 16% «орташа» деп есептейді. Олардың ішінде адамдардың 12% «жоғары» жауабын таңдаса, 10% жауап беруге қиналды.

Электрондық және баспа БАҚ-та тұрақты негізде 1424 сенім телефоны, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына жүгінудің жолдары туралы ақпарат жарияланып тұрады.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментпен 42 мемлекеттік орган мен ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 6 сыртқы талдау жүргізілді.

Барлығы 79 ұсыным енгізілді, соның ішінде 18 НҚА, 61 ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша.

Ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Есептік мерзімде 73 орындалды, 6-сы орындалу сатысында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 16 ішкі талдау жүргізілді.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жемқорлыққа қарсы стандарттарды даярлауларына қатысты тиісті жұмыс атқарылды.

Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен 1103 стандарт әзірленді.

Мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен стап алынатын тауарлар, жұмыстар және өзге де қызметтер бағаларының асқынуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг шеңберінде 17 139 880 теңге үнемделді (А-92 жанармайын сатып алу бойынша 2 факті – Есіл су, Облыстық медициналық жедел жәрдем орталығы, КИА Оптима автомобилі – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, автомобиль – М. Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты).

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША

 

2017 жылдың 1 жарты жылдығында 2 268 243 мемлекеттік қызмет көрсетілді (ОМО АД – 579 824, ЖАО – 1 688 419), бұл көрсеткіш 2016 жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда 24,2 % жоғары (1 718412 мемлекеттік қызмет), соның ішінде:

- қағаз түрінде 244 114 мемлекеттік көрсетілген қызмет немесе 10,8 %, бұл сан 2016 жылдың 1 жарты жылынан 2,6 % кем;

- қағаз түрінде көрсетілген, бірақ «электронды үкімет» веб-порталы арқылы ұсынуға болатын - 898 960 қызмет немесе 39,9 %;

- электронды түрде – 343 952 немесе 15 %;

- Мемлекеттік корпорация арқылы – 773 750 мемлекеттік көрсетілген қызмет немесе 35,3%, бұл сан былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7,3 % жоғары.

2017 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 70 % (625 033) «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымда тіркелу», «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша денсаулық сақтау саласында көрсетілген. 

Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 25 тексеріс жүргізілді, соның ішінде жоспардан тыс – 12, ішінара – 8, жеке мемлекеттік органдармен рұқсат құжаттарын беруді бұзу фактілеріне байланысты Агенттіктің орталық аппаратының тапсырмасы бойынша – 5 тексеріс.Тексеріс нәтижесі бойынша 121 бұзушылық анықталды, 44 ұсыныс жіберілді, олардың ішінде 34 – орындалды, 10 – орындалу үстінде. 14 тәртіптік жаза қолданылды, соның ішінде  2 – қызметке толық сәйкес емес туралы ескерту,1 – қатаң сөгіс, 2- сөгіс және 9 – ескерту.

Рұқсат құжаттарын беру мерзімін бұзғаны үшін 1 маманға 50 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік түрінде жаза қолданылды.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасы мәселесі бойынша 25 өтініш келіп түсті. 14 шағым бойынша жоспардан тыс тексеріс өткізілді, 6 -да фактілер расталды, 5 өтініш берушінің құқығы қалпына келтірілді.

Стандарт пен регламенттердің орналастырылуы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі жөнінде ақпаратты өзектендіру бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына ұдайы түрде мониторинг өткізіледі. Мемлекеттік органдармен жіберілген барлық ұсыныстар орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінің стандарттар мен ведомстволық НҚА сәйкестігін талдау бойынша Петропавл қаласы және 13 аудан әкімдіктеріне, 8 облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жіберілді.

Облыс әкімі аппаратына  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 регламентіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жіберілді, олардың 3 бойынша регламенттер жаңа редакцияда бекітіліп, әділет органдарына тіркелу үшін жолданды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар мен регламенттерін ведомстволық  НҚА сәйкестендіру бойынша 13 ұсыныс жіберілді.

Білім және ғылым министрлігіне «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарына сәйкес келмеу жөнінде сауал жіберілді.

 Денсаулық сақтау министрлігіне «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жолданды.

Агенттікке ауыл шаруашылығы, көші-қон, жұмыспен қамту, сәулет, білім салаларындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша 14 ұсыныс жіберілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сияқты мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік қызметтер Тізіліміне енгізу үшін 8 ұсыныс жіберілді.

50 әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет оңтайландырылды.

Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: 25 семинар, дөңгелек үстел, 36 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Электронды мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша облыс тұрғындары үшін «E-gov – шұғыл көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» науқаны шеңберінде 85 семинар ұйымдастырылды, оның шеңберінде селолық округ аппараттарының 176 маманы, 962 ауыл тұрғыны оқытылды.

Мемлекеттік корпорацияда 11 азаматтардың қабылдауы өткізілді, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 2 авторлық мақала жарияланды, телеарнада «Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету» атты баяндама жасалды.

БАҚ-тың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы – өмір сапасы» айдарында 4 мемлекеттік орган басшыларының мақалаларын жариялау ұйымдастырылды (білім, жер қатынастары, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы басқармалары).

Шыңайы емес есептердің ұсынуларына жол бермеу мақсатында, жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен БКБ арқылы 2 семинар ұйымдастырылды, есепті қалыптастыру сапасы және тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау жүргізу мәселелері бойынша ОМО аумақтық департаменттерінің мамандарымен 1 семинар өтті. Ұсынылатын есептердің сапасын жақсарту бойынша мемлекеттік кірістер, әділет салаларының қызметкерлерімен бөлек жиналыстар өткізілді.    

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселесі жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өтті, олардың барысында 15 сұрақ қаралды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және олардың сапасына шағымдану тәртібі туралы Азаматтардың құқықтары бойынша 28 245 данада ақпараттық кітапшалар әзірленіп, аудан орталықтарында, селолық округтерде таратылды, сонымен қатар электронды қызметтерді насихаттау туралы 60 мың данада парақшалар коммуналдық төлем түбіртектері арқылы таратылды.

«Қазақстанның азаматтық қауымдастығы» ЗТБ, «Тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» ӨҚБ өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша «Жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылаумен 23 ұйым қамтылды. Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша 28 ұсыныс жіберілді, олардың 18 орындалды, 10 – орындалу үстінде.

Ішкі саясат басқармасымен 2017 жылы қоғамдық мониторинг өткізуге 1 млн. 850 мың теңге сомасында конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша «Демеу» ЖМЕМ жеңімпаз болып танылды.

Әлеуметтік зерттеулер 2000 қызметті алушыны қамтып, 25 әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өткізіледі. Оның қорытындысы а.ж. қыркүйекте шығарылады.

 

08.02.2017

В приоритете – формирование профессионального государственного аппарата.

 

6 февраля текущего года заместителем руководителя Департамента Степаненко Е.Ф. проведена лекция для слушателей Регионального центра переподготовки и повышения квалификации государственных служащих по СКО в рамках курсов переподготовки для впервые назначенных на руководящую должность «Государственное управление и способы принятия управленческих решений» и повышения квалификации «Повышение этики государственных служащих как элемент противодействия коррупции».

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы